Қазақстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салынған елдер тобына қосылады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері өлім жазасын қолдану аясын кезең-кезеңімен қысқартып келе жатқанын білесіздер. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің биылғы қарашада өткен отырысында Қазақстанда өлім жазасы қандайда бір ескертпесіз жойылуға тиіс деген ұстанымды білдірді. Осы заңды қабылдай отырып, Қазақстан өлім жазасына заң жүзінде тыйым салынған елдер тобына қосылады», — деп атап өтті Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол еліміз өлім жазасын толығымен жоюға бағытталған халықаралық қозғалысты қолдайтындығын іс жүзінде дәлелдеп отырғандығын баса айтты.

«Қабылданған заң еліміздің демократиялық жолмен дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз», — деді Сенат Төрағасы.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Through the parental monitoring program, parents can pay attention to their children’s mobile phone activities and monitor WhatsApp messages more easily and conveniently. The application software runs silently in the background of the target device, recording conversation messages, emoticons, multimedia files, photos, and videos. It applies to every device running on Android and iOS systems. https://www.xtmove.com/how-to-track-and-read-someones-whatsapp-messages-calls-location/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.