Қазығұрттық түлектер өздері білім алған мектепке құны 4 млн. теңгелік жазғы спорт алаңшасын салып берді

Білім ұясынан осыдан 20 жыл бұрын түлеп ұшқан Қаныш Сәтбаев мектебінің шәкірттері ыстық ұясына оралып, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы іске асыруда.


Өздері білім алған мектепке заманауи, құны 4 млн. теңгелік жазғы спорт алаңшасын салып берді.

Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің түлектері өздерінің бүгінгі жеткен жетістіктері мектептен алған білімі мен тәрбиенің арқасы, деп біледі. Сол себепті, өздері оқыған мектептің оқушылары спортпен айналысуына үлкен серпін болып тұр. Қазығұрт ауданында мектептен түлеп ұшқан азаматтар жылдар жылжыса да, өнегелі іс жасап, өзгелерге үлгі көрсетіп келеді. Айта кету керек, «Туған жерге туын тігіп», азаматтық іс жасаған түлектердің, балалары да осы мектепте білім алады. Келешекте олар да ата-аналары салған сара жолмен жүріп, тәрбиелі тұлға болып қалыптасады деген сенімдеміз. Қаныш Сәтбаев мектебіне барған аудан әкімі Арман Абдуллаев ізгі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын жеткізді.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.