Қазығұрт: Коронавирусты үйде емдеу кезіндегі тариф 32451,5 теңгені құрайды

Коронавирустық инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша cұрақтар көптеп түседі. Сұрақтардың басым бөлігі қазығұрттық тұрғындарға тиесілі. Осы орайда, Қазығұрт аудандық Орталық ауруханасының әкімшілігі тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.  Оқып көріңіз бәлкім сіздің де кәдеңізге жарап қалар.

Коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды бақылау жөніндегі мобильді топтар

Мобильді топ 5000 және одан да көп адамға 1 топ есебінен, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шығу саны мен бақылауға жататын науқастардың саны бойынша ұйымдастырылады.

Ауылды жерде дәрігерлік амбулатория мен МСАК орталығында кем дегенде бір мобильді топ құрылуда

Мобильді топтың жұмыс уақыты таңғы 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін. Сағат 20:00-ден кейін МСАК ұйымының Call-центр орталығына түскен шақыртулар жедел медициналық көмек қызметіне жіберілуі тиіс

Сағат 20:00-ден кейін түскен қоңыраулар шақыру санатына қарамастан жедел жәрдем (103) қабылдайды.

Қажет болған жағдайда эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен жедел медициналық көмектің жүктемесі кезінде мобильді топтың жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленуі мүмкін

Мобильді топтың қызметтеріне ақы төлеу (бастапқы және қайталама шығу) МСАК мобильді топтың бір шығуы үшін алғашқы шақырту күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде 5 048 теңге мөлшерінде, бірақ бір пациентке үш рет барудан аспайтын тариф бойынша жүзеге асырылады

Негіздеме: 2021 жылғы 11 тамыздағы № 478 әдістемелік нұсқаулар

МСАК ұйымдарының үйдегі стационарларды кеңейту және белсенді орналастыру

Стационарды үйде орналастыруға төмендегі екі талапты сақтай отырып рұқсат беріледі :

эпидемияға қарсы режимді сақтау және инфекциялардың алдын алу мен инфекциялық бақылаудың тиісті шараларын орындау, сондай-ақ

науқастың клиникалық жағдайының нашарлағанын көрсететін кез-келген белгілер үшін МСАК білікті қызметкерінің мұқият бақылау мүмкіндігінің болуы ️

Клиникалық хаттамаға сәйкес: «Ересектердегі Covid 19 Коронавирустық инфекциясы» амбулаториялық деңгейде пациенттердің келесі санаттары бақыланады және емделеді:

Симптомсыз COVID-19 бар адамдар

Жеңіл дәрежелі COVID-19 бар науқастар

COVID-19 орташа ауырлықтағы науқастар (көрсеткіштері бойынша ауруханаға жатқызылғанға дейін)

Ауруханадан шыққаннан кейін COVID-19 бар науқастар

Үйде стационар жағдайында көрсетілген медициналық қызметтер бойынша МАЖ-ға деректерді енгізу кезінде пациенттер бойынша деректер «емдеуге жатқызу бюросы» АЖ-ға беріледі. Қаржыландыру көзі жүйеде сақтандырылу мәртебесіне байланысты автоматты түрде анықталады

Үйдегі стационардан шығарылғаннан кейін ақпарат МАЖ — ға немесе «СНЭТ» АЖ-ға: АХЖ х-U07.1 немесе u07.2 коды бар коронавирустық инфекцияның негізгі қорытынды диагнозымен «стационардан шығарылғандардың картасы» және «шығарылу эпикризі» енгізіледі

Үйдегі стационар жағдайында медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерге ақы төлеу КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін тариф бойынша жүзеге асырылады

Тарифтің мөлшері стационардағы КШТ бойынша емделген жағдай құнының 1/6 бөлігін құрайды

 Мысалы, ауырлығы жеңіл дәрежедегі Короновирустық инфекцияның КШТ бойынша емделген жағдай үшін тарифтің мөлшері 194 709,29 теңгені құрайды, тиісінше тариф үйде емдеу кезінде 32451,5 теңгені (толық тарифтің 1/6) құрайды, аурудың ауырлығы орташа дәрежедегі пациентті емдеу кезінде 81 210,3 теңгені (тәуліктік стационар жағдайында емделген жағдайдың толық құнының 1/6-сы 487 261,91 теңгені)құрайды.

* Үйде стационар қызметтерін көрсету бойынша АЖ деректерді енгізу үшін медициналық ұйымда «ресурстарды басқару жүйесі» АЖ-да «күндізгі стационардың болуы» белгісі болуы қажет.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.