Қазығұрт өнімдері Түркістан қаласындағы жәрмеңкеде қойылды

Қазығұрт ауданы ауылшаруашылығы өнімдері  Түркістан қаласындағы жәрмеңкеде қойылды. Бұл туралы Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру мақсатында, тамыз айының 6-шы жұлдызында Түркістан қаласында орналасқан «ЭКО базар» аумағында облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде.

Осы аталған жәрмеңкеге Қазығұрт ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері де өз үлестерін қосуда.

Атап айтқанда:

«Аманкелді» ЖШС-і жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінен – 2 тонна; «Қарқын-2030» ЖШС-і шұжық өнімдерінің 12-түрінен жалпы – 1 тонна; «Дархан» шаруа қожалығы бал (әсел) өнімдерінен – 500 кг;

«Асыл бастау.kz» ЖШС-і өндіріп жатқан минералды суынан 2 — тонна,

«CG Foods Central Asia» тез әзірленетін тағам өнімдерінен – 1 тонна және аудан шарулары картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат жалпы 5 – тонна өнімдерін жеңілдетілген бағада халыққа ұсынуда.

Айта кету керек, жәрмеңкеге  облыстың 8 ауданынан келген кәсіпкерлер 20 тоннаға жуық өз тауарларын саудаға шығарды. Ыңғайлысы мұндағы баға нарықтағыдан әлдеқайда төмен. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.