
Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын үй алабын ауыз сумен қамтуда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Қарабастаудағы су құбырларының құрылысымен танысты. Жалпы 2022 жылы аталған жобаны іске асыру мақсатында су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысынан соң, мердігер мекемемен келісімшарт түзілген. Қазірмердігер мекеме құрылыстың 50 пайызын аяқтап, ұзындығы 50 шақырымды құрайтын су құбырын жүргізді. Атқарылған жұмыстарды бақылаған Мұрат Дүйсенбекұлы нысан құрылысының сапасына мән беруді және кестеге сәйкес дер шағында орындауды жауапты басшыларға мұқият тапсырды.
Қазіргі уақытта 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтылса етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша ауыз су тұтынып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін алты объектіде су құбырын тарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.
Яғни, Қарабастаудан бөлек, Қаратөбе, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базаркақпа тұрғын алаптарында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбыры желілерін салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген, ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша ауыз су алады.
Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100% — ға дейін өседі деп күтілуде.
Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін алты объектіде су құбырын тарту бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Бұл-Құрсайдың 1,2-ші кезегі, Қайнарбұлақтың 1,2-ші кезегі, Еңбекші ауданының Сайрам 1,2-ші және 3-ші кезегі. Нәтижесінде 72 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған су құбыры жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.
973371 672047I genuinely enjoy looking by way of on this internet website , it holds superb articles . 58956
997246 320010It is hard to search out knowledgeable individuals on this subject, but you sound like you realize what youre speaking about! Thanks 82802
139655 160922I really like your post. Its evident which you have a whole lot expertise on this subject. Your points are nicely created and relatable. Thanks for writing engaging and interesting material. 956765