Қаратау ауданында бей-берекет қоқыс тастаушыларға рейд жүргізілді

Қаратау айданындағы негізгі орталық көшелер күнделікті, көпқабатты тұрғын үйлер аумағын аптасына 4 рет, жеке тұрғын үй аумағын аптасына 2 рет тазаланады.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ал, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару көпқабатты тұрғын үй секторында күнделікті және жеке секторда аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ауданда 6 бей-берекет қоқыс орны бар. Олар Бозарық айналма тас жолының жоғарғы жағы; Таскен тұрғын алабындағы шағал тас карьері; Тұран шағынауданындағы Алатау батыр және Абылайхан көшелеріндегі шатқал; Батыс Европа-Батыс Қытай тас жолындағы шатқал; Асар және Ақжайық шағынаудандары аралығындағы бос жер телімі; Мирас шағынауданындағы шатқал. Аталған аумақты мердігерлер өз есебінен үнемі тазалап жатыр.

Қоқыс тастаушыларды тәртіпке шақыру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Рейд барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексіне сәйкес 4 хаттама толтырылып, айыппұл салынды және қоқыс қалдықтарын бей-берекет тастамау жөнінде арнайы тақтайшалар орнатылды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.