«Қоғамдық көлік схемасы оқушыларға тиімді болу керек» — М.Әйтенов

Шымкентте қоғамдық көлік схемасы оқушыларға тиімді болу керек. Тұран шағын ауданында салынып жатқан 1200 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын бақылау барысында қала әкімі осылай деді.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қоғамдық көлік схемасы оқушылар мен ата-аналары үшін тиімді болу керек. Яғни мектепке жеткізіп барып бағытын жалғастыру үйлестірілсін. Себебі оқушылардың қауіпсіздігін назарға алуға тиіспіз. Сонымен бірге, қазірден бастап білім беру ұйымына педагогтарды конкурстық негізде қабылдау мәселесін ұйымдастырып, оған дайындалу керек»,-деді Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов.

Осы жылдың тамыз айында пайдалануға берілетін білім нысанының сапасына баса назар аударған қала басшысы кемшіліктер орын алмас үшін өткен жылы пайдалануға берілген мектептермен ақылдаса отырып жұмыс жасауды құрылыс және білім басқармасына тапсырды.

Мемлекет қаржысына салынып жатқан мектептің құрылысын «АРТ-құрылыс» ЖШС-гі жүргізуде. Білім нысанының жалпы аумағы 2,97 гектар.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.