ҚАЛАДАҒЫ 15 ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҒЫНЫҢ 3-І ҚЫСҚА ДАЙЫН

Бұл жайында энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы мәлімдеді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке есеп берген басқарма басшысы алдағы қыс маусымына жылу беру жұыстарының бүге-шүгесін айтты.

 

«Қалада 2022-2023 жылдың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының жоспары мен арнайы штаб құрамы бекітілген. Штаб өткен жылға талдау жасап, алдағы маусымға дайындықты жүргізеді»,-деп бастады өз есебін басқарма басшысы.

«2022 жылдың  жылу беру маусымынан кейін 838 шақырым жылу жүйелерін тексеру барысында  79 ақау анықталған. Қазір оның  21-і түзетіліп,  қалған 58 жағдай тамыз айының соңына дейін толық қалпына келтіріледі»,-деді басқарма басшысы. . 

Белгілі болғандай, жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету үшін 18,0 шақырым жүйеге ағымдағы жөндеуге мердігер мекеме анықталуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің соңына дейін аяқтау жоспарда бар.  Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37%-дан 35%-ға төмендейді.

Қаладағы 15 жылу қазандытың қазір 3-і қысқы маусымға дайын (К-19, ПМК-49, К-54), қалған 12 қазандық 15 қыркүйекке дейін толық дайын болады. Ал, жылу жүйесіндегі 17 сорғы стансаның 7 қысқы жылуға дайын тұр. Қалған стансаларда жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1987 көпқабатты тұрғын үйдің іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінге 179 үйдің жылу маусымына  сай, қалған үйлерде дайындық жұмыстары атқарылуда.

 Бүгінде қаладағы 484 бюджеттік нысанның 81-і жылу маусымына дайын тұр. Өзге нысандардарда дайындық жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік нысандар бар.

Сонымен қатар, бюджеттік нысандардың қатты отынға (көмір) қажеттілігі 4,7 мың тонна. Қазірде тасымалдайтын мердігер мекеме анықталуда. Сұйық отынға (диз.топливо) қажеттілігі 655 тонна, бүгінге дейін  8,2 тоннасы тасымалдынды. Қалған сұйық отынға тасымалдаушы мердігер мекеме анықталуда. Қажетті отын көлемі 1 қыркүйекке дейін жеткізіледі.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Agora, a tecnologia de posicionamento tem sido amplamente utilizada. Muitos carros e telefones celulares têm funções de posicionamento e também existem muitos aplicativos de posicionamento. Quando seu telefone for perdido, você pode usar essas ferramentas para iniciar rapidamente as solicitações de rastreamento de localização. Entenda como localizar a localização do telefone, como localizar o telefone depois que ele for perdido? https://www.xtmove.com/pt/how-to-track-someones-phone-location-by-cell-phone-number-online-for-free/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.