Әл-Фараби ауданының әкімі тікелей эфир арқылы тұрғындар сауалына жауап берді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев  тікелей эфир арқылы тұрғындар сауалына жауап берді.


Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде 5 айда атқарылған негізгі жұмыстарды баяндап, тұрғындар сауалына жауап берді.

Аудан әкімі тікелей эфир барысында инфрақұрылым, жолдар, жарықтандыру, аулаларды абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары, жалпы бес айда атқарылған негізгі жұмыстардан хабардар етті.

Айта кету керек, Әл-Фараби ауданында тұрғындарды ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7% құрап отыр. Аудан бойынша 224 шақырым жол асфальт жабынымен жабылған (80%). 2021 жылы 7 көшеге жол жөндеу жұмыстары жоспарланған. «Сәуле» шағынаудандағы 2 көше жөндеуден өтсе, орталық аумақтағы 3 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.