ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕР КӨШЕЛЕР – БАҚЫЛАУДА!

Әл-Фараби ауданы аумағындағы басты 102 көше бар. Бұл көшелердегі тазалық жіті бақылауға алынған. Мұнда тазалық жұмыстары үзілмей жүргізіледі. Мәселен, 102 көшеде 906 қоқыс жәшігі бар. Осы орталық көшелердегі 213 аялдама мен 425 қоқыс жәшіктері күніне 2 рет (таңертең- кешке) қоқыстан тазартылады. Бұл жұмыстарды — «Build stroi» мердігер мекемесі атқарады. Аталмыш шарадарға  10 техника мен 180 коммуналдық қызметші жұмылдырылған.
Ал аудан орталығындағы халық көп шоғырланған 87 аялдама мен 172 қоқыс жәшіктерін күніне 3 рет (таңертең, түсте, кешке) тазарту үшін мердігер мекеменің қосымша мобильдік 4 техника мен 30 қызметшісі жұмыс істейді. Осы бағыттағы тазалық жұмыстар күнделікті кесте бойынша жүзеге асып отыр. Атқарылған жұмыстың сапасын аудан әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған.
Мамандар, қала тұрғындарынан қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқыс тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін арнайы қоқыс жәшіктерін пайдалануға шақырады.

Ауданда әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастырылады. Мәселен, осы аптада Әл-Фараби ауданында кезекті сенбілік жұмыстары Жангелдин көшесінің 28,30,20,20А және 32 үй аулаларында өтті. Санитарлық тазалық жұмыстары барысында балалар ойын элементтері сырланып, аулалар сыпырылды. Тұрғындарға қолайсыздық туғызатын қураған ағаштар кесіліп, шөп орылды. Сондай-ақ ауданның басты көшелері бойындағы аялдамалар жуылып, қоқыс жәшіктері ретке келтірілді.Сондай-ақ, шомылу маусымы басталғалы Әл-Фараби ауданына қарасты Қошқар ата өзенінің бойында сенбілік  жұмыстары өткізілуде. Сенбілікте Қошқар ата өзені бойындағы қураған шөптер мен қоқыстардан және тұрғындарға қолайсыздық тудыратын бұталарды кесу жұмыстары жүргізілді. Осы аптада өткен сенбілікке 100-ге жуық адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылыпты.
Сенбілік жұмыстары ауданда тұрақты түрде өткізіліп келеді және алдағы уақытта тұрақты жалғасын табады. Алайда, қаланың бет-бейнесі тазалықта. Сондықтан да шаһар тұрғындары қоршаған ортаны таза ұстап, өз жерінің тазалығына үлес қосуы керек, дейді мамандар.

Айтпашқы, Әл-Фараби ауданы аумағында ирригация жүйесінің жалпы ұзындығы 103 шақырымды құрайды. Басты көшелердің бойындағы ирригациялық арықтар мен жол жиектерін тазалау жұмыстарына «Build stroi» ЖШС-ы тарапынан 10 арнайы техника мен 180 адам жұмылдырылады.  Аталған жұмыстар күнделікті кестеге сәйкес жүргізіліп, аудан әкімдігінің ұдайы назарында.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.