«Шымкент–Арыс» тас жолының Арыс қаласына кіреберісіндегі «Дендросаябақ» маңы мен П.Арапов елді мекенінің тұсындағы жол жиегіне жасанды жол кедергісі мен белгілері орнатылды.
Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Айта кету керек, жол жиегіне жасанды жол кедергісі мен белгілері орнату мәселесі маусым айының алғашқы жартысында қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың П.Арапов ауылының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтылған болатын. Сол кезден бастап назарға алынған бұл мәселе уақыт өте келе өз шешәмән табуда.
Арыс қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абай Тұрхановтың айтуынша, елді мекен тұрғындарының өтініші заңнамаға сәйкес тиісті құжаттандыру мен қаржыландыру тетіктері арқылы жүзеге асырылып, тапсырма тиянақты орындалды.
Сонымен қатар, басқарма басшысы алдағы уақытта Арыс қаласын абаттандыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатынын айта өтті.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Monitorowanie telefonów komórkowych to bardzo skuteczny sposób, który pomoże Ci monitorować aktywność telefonów komórkowych Twoich dzieci lub pracowników. https://www.xtmove.com/pl/how-to-install-spy-app-to-monitor-another-phone-for-free/
In January 2014, the FDA stated that they are recommending healthcare professionals discontinue prescribing and dispensing prescription combination drug products that contain more than 325 milligrams of acetaminophen per tablet, capsule or another dosage unit cialis on line