
Nur Otan партиясы Арыс қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова мен қалалық мәслихат хатшысы Амантай Байтанаевтың кезекті қабылдауы өтті.
Қала әкімдігіндегі салалық бөлім басшыларының қатысуымен өткен қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың сауалдарына заң аясында тиісті жауаптар берілді.
Атап айтқанда, Байтоғай елді мекенінен келген Бақытгүл Шырынбаева 2014 жылы тұрғын үйі өртеніп, баспанасыз қалған. Қызының атынан тұрғын үйге 222-ші болып кезекке тұрған. Бірақ қызының тұрмыс құруына байланысты Шырынбаеваның тұрғын үй кезегіне заңға сәйкес бөлек тұруға құқылы екендігі түсіндірілді. Ал баспаналы болғанға дейін «Қолғабыс» қоры тиісті деңгейде көмек көрсететін болып шешілді.
Сол сияқты зейнеткер Ақтамақ Әкімова да тұрмыс тауқыметін тартып, қала әкімі мен Nur Otan партиясы филилы өкілдерінен көмек сұрай келген екен. Баспана мәселесі мен қызының жұмыссыздығын және немерелерінің болашағын уайымдаған ананың мәселесі «Қолғабыс» қайырымдылық қоры арқылы оң шешімін тапты. Қор төрағасы Сырлыбек Мұсабеков кейуананың отбасына азық-түлік пен киім-кешек жағынан қарасса, әкімдік өкілдері жұмыспен қамтып, қызметтік пәтер берудің заңды жолын табуға кірісті.
Жалпы бұл күні қоғамдық қабылдауға 10-нан астам тұрғын келді. Оның арасында екі жыл бұрынғы төтенше жағдай зардаптары бойынша көмек сұрай келгендер де бар. Қала әкімі олардың әрбірінің арыз, шағымын мұқият тыңдап, заң шеңберінде тиісті кеңес, көмектер берілетіндігін баса айтты. Бұл жерде құрылыс жұмысын жүргізген мердігер компания мен тұрғын үй иесі арасындағы келісімшарттың бар-жоғына қарай, әкімдік өз құзыреті шеңберінде мәселенің оң шешілуіне ықпал ететін болады.
Қабылдауға келген азаматтардың мәселелері негізінде арнайы хаттама толтырылып, онымен айналысатын мамандар да нақтыланып, оларға тиісті тапсырмалар берілді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
When someone writes an article he/she keeps the plan of a user in his/her mind that how a user can know it.
So that’s why this article is amazing. Thanks!
325315 616488Aw, i thought this was quite a very good post. In concept I would like to devote writing such as this moreover — spending time and actual effort to produce a terrific article but exactly what do I say I procrastinate alot by no means manage to get something done. 56809
501247 28873Hi there! Do you use Twitter? Id like to follow you if that would be ok. Im undoubtedly enjoying your blog and appear forward to new posts. 924552
390634 311329It is onerous to search out knowledgeable individuals on this topic, even so you sound like you already know what youre talking about! Thanks 519198
421573 676229Wow, incredible blog structure! How lengthy have you ever been blogging for? you made running a weblog appear simple. The full appear of your website is amazing, nicely the content material! 22361