ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының және жанар-жағармай материалдарының бағаларын реттеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды aq-qara.kz primeminister.kz — ке сілтеме жасап.
Қазақстанда үш апта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсімі нөлдік деңгейде болды
Қазіргі жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов және т. б. баяндады.
Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жалпы өсу индексі 0,0% болды. Қабылданған шаралар есебінен үшінші апта қатарынан сәбіз (-0,8%), пияз (-0,7%), макарон өнімі (рожки), күріш және картоп (-0,2%) бағасының төмендеуі байқалады. Қалған өнімдердің бағалары тұрақты.
Өңірлерде «айналым схемасын» қаржыландыру 48,9 млрд теңгеге жетті. Нысаналы деңгей 97,7%-ға қамтамасыз етілді. «Айналым схемасы» бойынша тиімді жұмыс Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында байқалады. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың төмен деңгейі Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сақталып тұр.
Қабылданған шаралардың арқасында жанармай нарығындағы жағдай тұрақтанды. Бүгінде барлық МӨЗ тәулік сайынғы өндірісте және ашық түсті мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жөнелте отырып штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Биылғы 19 қарашадағы жағдай бойынша мұнай өнімдерінің жеткілікті жиынтық қоры – 200,6 мың тонна бензин және 215,8 мың тонна дизель отыны қалыптастырылды, бұл елдің 15 тәулікке жетеді.
Өткен аптада Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополиялық жоғары бағаларды қою белгілері бойынша Қарағанды облысындағы құс фабрикасына қатысты тергеу жұмысын бастады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы тауық жұмыртқасы мен құс еті нарығы субъектілеріне баға бойынша сөз байласу және үстем жағдайды теріс пайдалану белгісінің бар екендігі туралы 7 ескерту жіберілді.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау және Жамбыл облыстарында өндірушілермен, көтерме жеткізушілермен және сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенстің 14 актісі жасалды. Жалпы, республика бойынша монополияға қарсы комплаенстің 154 актісі жасалды.
Премьер-министр орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және төмендету, сондай-ақ инфляцияның жалпы деңгейін 8,5% шегінде ұстап тұру жұмысын жалғастыруды тапсырды.
Өңірлердің әкімдіктеріне өндіріс пен тұтыну теңгерімін ескере отырып, тұрақтандыру қорларында жеткілікті қорларды қамтамасыз ету, «айналым схемасы» бойынша қаржыландыруды ұсынылған көлемдерге дейін жеткізу, баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеретін өңірлік комиссиялардың жұмысын жандандыру тапсырылды.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
Samsung mobile phones have always been one of the most popular brands in the market with a variety of features, voice recording being one of them. https://www.xtmove.com/how-to-record-call-sound-on-samsung-phone/