«Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры» акицонерлік қоғамының басқарма төрағасы Жанат Құрманов біржолғы зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері неге өзгертілгені туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жанат Құрманов біржолғы зейнетақы төлемінің өсуіне кеше қабылданған Бюджет туралы заңның түрткі болғанын меңзейді.
Еске салсақ, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын . Онда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап бірқатар әлеуметтік-экономикалық параметрлерді ұлғайту көзделген. Ең төменгі жалақы ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері де өсетін болды.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда «Зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілігінің шегі міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес ең төмен мөлшері» деп айқындалған.
«Ең төменгі жеткіліктілік шегі жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Әдістеме бойынша қайта есептеледі және БАҚ-та жарияланады», — дейді БЖЗҚ басшысы.
Бекітілген әдістеме бойынша төмен жинақтық шек мөлшері жинақ иесінің жасына қарай есептеледі және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді.
«Бұл ретте ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы (ЕТЖ), ең төменгі зейнетақы (ЕТЗ), ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты төмен жинаққтық шек мөлшерін есептеу жыл сайын аталған көрсеткіштердің өсуін ескере отырып жүргізіледі.
Осы көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты Үкіметтің қолданыстағы қаулысына бойынша 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап төменгі жеткіліктілік мөлшері қайта есептелді. Осы мөлшерден асса, азаматтар өз жинақтарының бір бөлігін Тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалана алады», — дейді Жанат Құрманов.
Еске салсақ, біраңғай зейнетақы төлемін алудың шекті мөлшері 2022 жылдан бастап 1,8 есе артатын болды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оның себебін келер жылдан бастап елдегі ең төменгі жалақының 41 пайыз өскенімен байланыстырып отыр.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
A medida que la tecnología se desarrolla cada vez más rápido y los teléfonos móviles se reemplazan cada vez con más frecuencia, ¿cómo puede un teléfono Android rápido y de bajo costo convertirse en una cámara de acceso remoto? https://www.xtmove.com/es/using-android-mobile-phone-for-remote-monitoring-and-shooting/