Бәйдібектік 60 бүлдіршін түрлеген Түркістанға саяхат жасады

Бәйдібек ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгін ауданындағы «Тау шыңы» лагеріндегі демалып жатқан 60 бүлдіршін жаңарып, түрленген Түркістан қаласының рухани, мәдени орталықтарын аралады.


Бәйдібектік бүлдіршіндер алғашқы саяхатты рухани астананың «Сапар орталығынан» бастап, ол орталықта қаланың тарихын және қолөнер шеберлерінің туындыларымен және көне жәдігерлерімен танысып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етті.

Содан кейін санғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесінің өткені мен бүгіні туралы шежіре шертетін «Ұлы дала елі» және «Сиқырлы керуен» атты балаларға арналған ойын-сауық орталықтарында болды. «Сиқырлы керуен» атты балаларға арналған ойын-сауық орталығында бүлдіршіндер түрлі әткеншектер мен айналатын кесе, тез жүретін пойызға отырып, басқа да түрлі ойын алаңдарында ойнап, бүгінгі күнгі уақыттарын қызықты өткізді. Сондай-ақ «Керуен сарай» кешеніне саяхат жасады.

Түркістанның жаңарған келбетін алғаш рет көруге келген бәйдібектік бүлдіршіндер ертегі әлімінде жүргендей ерекше әсерге бөленіп, сапарды ұйымдастырған және демеушілік жасаған бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округі әкімдеріне алғыстарын білдірді.

Сапар барысында бүлдіршіндердің жол қауіпсіздігі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен қамтамасыз етілді.

Айта кетерлік жайт аудандағы бүлдіршіндердің жазғы демалысын қызықты және пайдалы өткізу мақсатында бұл үрдіс алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.