Бәйдібек: Алтын құрсақты аналар марапатталды

Ана – өмірдің шуағы. Дүниеге сәби әкеліп, елдің демографиясына үлес қосып, көпбалалы ана атанған аналар қай құрметке болмасын лайық.


Елдің түрлі салаларында тер төгетін келешек азаматтарды тәрбиелеп отырған аналар қай кезде болмасын құрмет төрінен түскен емес.

Күні кеше аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков алтын құрсақты аналарымызды қабылдап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті. Еліміздің халық санын арттырып, ел демографиясына үлес қосып отырған аудандағы ақ жаулықты 13 ана осы марапатқа ие болып отыр. Оның 2-еуі алтын алқа, 11-ы күміс.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Ержігіт Шәріпбекұлы көпбалалы аналарды құттықтау барысында өзінің де көпбалалы отбасында тәрбиеленгенін айтып өтті. Алтын құрсақты аналарға әрқашан құрметтің жоғалмайтынын, сонымен қатар еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекет тарапынан түрлі қамқорлықтар жасалынып жатқанына тоқталды.

Аналарымызды арнайы алтын, күміс алқамен марапаттап, соңында естелік суретке түсті .

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.