Бәйдібек: Аудан басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

Бекітілген кестеге сәйкес бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.


Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қабылдауға аудан бойынша жазылған 5 тұрғын өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға келгендердің бірі тұрғын үйінің шатырын ауыстырып беру жөнінде көмек сұраса, бірі тұрғын үйіне табиғи газ құбырын кіргізу жөнінде жеке фирма қаржысын алып, келісілген жұмысын істемегінін, берілген сомадағы қаржысын қайтарып алуға ықпал ету, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың күтушілерінің жалақысы, тас алатын карьерлердегі жұмыс істеп жатқан мекемелердің рұқсатын тексеру, өзеннің арналары тас алғаннан ойылып жатқандығы жөніндегі мәселелерін жеткізді.

Қабылдау барысында аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы әрбір тұрғынның жеке мәселесін мұқият тыңдап, заңнама аясында түсініктеме берді. Зерделеу жұмыстарын жүргізіп, орындалуға тиісті бірқатар мәселелерді шешу үшін сала бойынша орынбасарлары мен тиісті бөлім, мекеме басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.