
Жүкті әйелді босандырып қана қоймай, ана мен бала өмірін аман алып қалу ең маңызды сәттердің бірі.
Күн, түн демей ана мен бала күзетінде сақшыдай қырағы тұрып, екеуінің де өмірін сақтауға бірден бір жауапты акушер-гинеколог маманның еңбегі өлшеусіз. Сондай абзал жандардың бірі Варзилов Темірхан.
Варзилов Темірхан оңтүстік өңіріндегі білікті акушер гинеколог. Отыз жылдан бері денсаулық сақтау саласында қызмет етіп келе жатқан білікті маман гинекологиялық оталардың барлық түрін жетік меңгерген.
Дәрігер жылына 400-ден аса әйелге гинекологиялық ота жасайды. Білікті маман көбіне ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерге операция жасап, ажалдан арашалап қалады.
Темірхан Исабалұлы бүгінде қаладағы перинаталдық орталықтың бас дәрігері. Орталықтың басшысы болғанымен перзентханаға түскен жүкті әйелдерге шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру, ауыр жағдайдағы науқастарға ота жасауда Варзиловтың күнделікті міндеті кіреді.
Халық ықыласына бөленген, ауыр науқастарды емдеу әдісіне жаңа технологияларды енгізген Т.Варзилов еселі еңбектері еленіп, осы уақытқа дейін бірнеше рет мемлекеттік наградамен марапатталған.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Very interesting subject, regards for posting.Blog monry
737682 397856Just wanna input on couple of general issues, The website layout is perfect, the articles is genuinely very good : D. 12783
207258 217839you could have a fantastic weblog here! would you wish to make some invite posts on my weblog? 991467
704156 907857Some genuinely marvellous work on behalf with the owner of this internet website , perfectly wonderful content material . 168645
388605 780153Hi my loved 1! I wish to say that this post is wonderful, wonderful written and come with almost all crucial infos. I would like to see far more posts like this . 771093