
Қазақ халқының өзгелерден ерекшеленіп тұратын ең ізгі қасиеттерінің бірі қайырымдылық екені даусыз.
Осы уақытқа дейін елде қандай қиын жағдайлар орын алғанына қарамастан, біздің ел жұдырықтай жұмыла жұмыс істеп, көптеген қиын-қыстау кезеңдерді артта қалдырды. Көпке ұзамай ақ кешегі «Арыс оқиғасы» мен Мақтаарал ауданындағы су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтарға бүкіл ел болып көмекке келген еді. Бұның барлығы елдегі ауызбіршіліктің арқасында болып жатыр.
Айта кету керек, жауын-шашын аз түсуіне байланысты Батыс Қазақстан облысында мал азығы шөптің жеткілікті мөлшерде шықпай қалуына байланысты, қиындық туған еді. Осындай қиын кезеңде қол қусырып отырмай демеу көрсетуді ойластырған Жетісай жұртшылығы 74 тонна пресс шөпті батыс жұртына жөнелтті.
Еске сала кетейік, жуырда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес мәжілісінде жем-шөп мәселесі тапшылығын болдырмау мәселесі талқыланды.
ANYQ.KZ-ақпарат
839007 17519The the next occasion I read a weblog, I truly hope so it doesnt disappoint me about brussels. Come on, man, Yes, it was my option to read, but I just thought youd have some thing fascinating to state. All I hear can be lots of whining about something which you could fix if you werent too busy looking for attention. 679750
157623 98131Real amazing data can be discovered on internet weblog . 441439