
Шымкент қалалық әкімдігінің ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева ҚР ПРезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жариялаған үндеуіне өз пікірін білдірді.
«31 мамыр күні 1997 жылдан бері қайғы мен қасіреттің белгісіндей атап өтіліп келе жатыр. Бұл — негізінен мереке емес, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
Бүгінде біздің өңірімізде де сол саяси зобалаңның құрбаны болған қазақтың қаймақтарының, небір асыл азаматтарының ұрпақтары тұрады. Республикадағы жалғыз мұражай Шымкентте орналасқандықтан, еліміздің түкпір-түкпірінен біздің өңірге, «Қасірет» мемориларына зобалаңда опат болған азаматтардың ұрпақтары келеді, музейдің қызметкелерімен жыл он екі ай байланыста болады.
Биылғы жағдайға байланысты онлайн іс-шаралар өтпек. Күні кеше «Жасықсыз құрбан болған қайран жұртым» деген онлайн дөңгелек үстел өтті. Сол жиында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғалым-мамандары, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары байланысқа шықты. Қазіргі таңда қандай ғылыми жұмыстар жүріп жатқанын баяндады. Жергілікті тарихшы-ғалымдар да «АЛЖИР» әйелдер лагеріне қатысты мәліметтерімен бөлісті. Бұрын жарияланбаған деректерді айтты.
Расында да зұлмат жылдар құрбандарына қатысты арнайы мемлекеттік комиссияның құрылатыны — құптарлық жағдай. Мемлекет басшысының бұл мәселеге баса көңіл аударғаны қуантады, себебі, бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасып, көп зерттеу жүргізу қажет. Көрші елдермен байланысып, ондағы архивтерде жатқан мәліметтерді зерттеу қажет деп ойлаймын»,-дейді Зәуре Оралбаева.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
299016 626375A thoughtful opinion and guidelines Ill use on my web page. Youve certainly spent some time on this. Effectively carried out! 520305
957850 972869I real glad to discover this internet site on bing, just what I was searching for : D likewise saved to bookmarks . 672703
68193 198140I like this weblog very much, Its a rattling nice billet to read and locate information . 598546