Келес ауданы: Қабылдауда болған жалғызбасты ана үйлі болды

Ағымдағы жылдың 16 наурыз күні мәслихат хатшысы Өрісбай Бұхарұлының қоғамдық қабылдауына келген Шарбұлақ ауылының тұрғыны Б.Кемелбек мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты ана үйінің жоқтығын, әлеуметтік көмекке мұқтаждығын, тұрақты жұмысқа орналастырып беруді және де тұрғын үйге көмек көрсетілуін өтініп келген болатын.


Нәтижесінде: Партия мүшесі, Шарбұлақ ауылының әкімі Жандос Арыстанбекұлына тапсырма беріліп, аталған жағдай бойынша жұмыстар жүргізілді.

Үсенбеков Жандос Арыстанбекұлы Шарбұлақ ауылының кәсіпкерлерін ұйымдастырып, жалғыс басты, мүмкіндігі шектеулі ана Б.Кемелбекке пәтер кілтін табыстады.

Сонымен қатар, Б.Кемелбектен бөлек 2 отбасыға пәтер кілті берілді.

Жандос Үсенбекұлы мұнымен тоқтап қалмай, Б.Кемелбекті ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырды, қазіргі таңда жұмыс жасауда. Көрсетілген қайырымды істің арқасында, қиындықпен күн кешкен жалғыз басты ананың өмірге деген көз қарасы жақсарған.

Айта кетейік, аталған қайырымды іске облыстық мәслихат депутаты Нұржан Сапабекұлының қосқан үлесі зор.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. 900441 446173I discovered your weblog internet site on google and appearance several of your early posts. Keep up the superb operate. I merely extra the RSS feed to my MSN News Reader. Searching for forward to reading a lot more on your part later on! 790316

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.