Келес ауданы әкімі өзге ұлт өкілдерімен ұлттық бірлікті сақтау, бірегейлік қағидатын ұстану жайын қозғады

Түркістан облысы, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және аудан прокуроры Бақыт Сейфолланың Ақтөбе ауылдық округіне жасаған жұмыс сапары барысында ауылдық округі аумағында тұратын өзге ұлт өкілдерімен кездесу өткізді.


Басқосуда ұлттық бірлікті сақтау, бірегейлік қағидатын ұстану және қалыптасқан тату тірлікті жалғастыру секілді тақырыптар кеңінен қозғалып, жарасымды әңгіме өрбіді.

Аудан басшысы өз сөзінде берекелі іске бейім өңірдегі тату тірліктің астарында өзара түсіністік пен сыйластық, бауырмалдық пен құрмет секілді баға жетпес құндылықтар бар екенін айтты. Кездесу барысында өзге ұлт өкілдері қазақ ұлтымен арадағы бауырмалдық қатынас бүгінде туыстыққа ұласқанын жеткізді.

Аудан әкімінің жұмыс сапары Б.Қонысбаев кеден бекеті маңындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын көрумен жалғасып, бірқатар сын ескерпелер айтылды. Атап айтқанда кеден бекетінен өтетін жүк көліктерінің ретсіз жайғасуы бойынша тиісті жұмыстарды атқаруға аудандық полиция бөліміне тапсырма берілсе, сол аймақтың санитарлық тазалығына мән беру бойынша ауылдық округінің әкімі А.Бабашевқа айтылды. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.