КинЭС рекордтар кітабына енген шымкенттік кітапханашы

Әлемде 50-ге жуық ел өздерінің рекордтар кітабын шығарады. Қазақстан рекордтар кітабы 1999 жылдан бастап шығып келеді.


Ол – КИнЭС. Қазақстан рекордтар энциклопедиясына 2018 жылы Тұңғыш зағип тележүргізуші ретінде енген кітапханашы – шымкенттік Ербек Бәкиев

Қаламызда зағип жандар аз емес. Ербек бүгінде Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана қызметкері.

Алғаш еңбек жолын 2015 жылдың ақпан айында ОҚО арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада Тифлолог-редактор болып жұмыс жасаудан бастаған.

2017 жылдан бастап «Отырар» телеарнасында тұңғыш зағип тележүргізуші ретінде «Ерекше жандар» бағдарламасын ашып, мүмкіндігі шектеулі жандардың жетістігі мен шығармашылығын насихаттап өмірге құштар жандармен тікелей эфирде сұхбат жүргізіп, еңбек етіп келеді.

2013 жылы «Бәріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен республикалық байқауда облыстан ІІ орын иегері, 2017 жылы 29 қазанда Қызылорда облысы Қазалы ауданында өткен республикалық «Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығының» иегері атанып, төсбелгімен марапатталған.

Бүгінде Ербек Бәкиев арнайы кітапхананың Тифлология бөлімінің меңгерушісі, сонымен қатар, Республикалық «Шабыт» газетінің негізін қалап, елдегі елеулі жаңалықтар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жеткен жетістіктері, қоғамда атқарылып жатқан жұмыстарын жарыққа шығарып, оқырман қошеметіне бөленуде.

Қоғамда тағдырдың жіберген сынағына мойымай, қарсы тұра білетін, көпке үлгі болып жүретін жандар болады. Сондай жандардың бірі — Ербек басына қандай қиындық түссе де ерік-жігері мұқалмаған көпке үлгі боларлық жан. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.