Мемлекет басшысы Шымкент қаласының жаңа әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады.

Мұрат Дүйсенбекұлы Президентке Шымкенттің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің қорытындысы туралы баяндап, аймақты одан әрі өркендету жоспарымен таныстырды. Кездесу барысында бұдан бөлек мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен мүмкіндіктері айтылды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы биыл елдегі айтулы даталар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мен ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өтетін шараларға да тоқталып, Шымкенттің ТМД елдерінің мәдени астанасы ретіндегі жауапкершілігін атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшысы әкімге мегаполистың әлеуетін арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

«ANYQ.kz»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.