Нұрсұлтан Назарбаев «Ескі қалашық» архиологиялық нысанында болды

Нұрсұлтан Назарбаев «Ескі қалашық» архиологиялық нысанында болдыНұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын «Ескі қалашық» тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды.


Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады.

Сондай-ақ шара аясында қала әкімі М.Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективалары туралы айтып берді.

Айта кету керек, «Шымкент ескі қалашығы» – бұл Қазақстан Республикасының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық нысан.

Жалпы қалашықта үш стратиграфиялық қазба жасалған. Қалашықтың мәдени қабаттары 14 метрді құрайды. Қалашықтың ең төменгі қабатында б.з.д. ІІІ ғ. соңы — б.з.д. ІІ ғ. басына тән керамика кешені бар. Ол Соғдының урбанизацияланған қоныстарына сәйкес келеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

  1. 350055 213507This is the suitable blog for anybody who needs to seek out out about this subject. You notice so much its virtually laborious to argue with you (not that I actually would wantHaHa). You undoubtedly put a brand new spin on a topic thats been written about for years. Wonderful stuff, just excellent! 965208

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.