
Қазақта «Қылышын сүйретіп қыс келеді» деген сөз бар. Бұл халқымыздың қай кезде де сақтанып отыратынын көрсетсе керек. Тіршілігі малмен байланысты қазақтың бұл өмір дағдысы десе де болады.
Сондықтан, күні бүгінге дейін осы сақтық әр жыл сайын қайталанып отырады. Қарашаның қара суығы қаһарлы қыстың қамсыздықты көтермейтінін сездіргендей.
Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын біздің ауданда қыстық мал азығын дайындаудың маңыздылығы күн өткен сайын артуда.
Мал азығы – ертеңгі ел азығы болғандықтан мал жемінің жайы қандай? Қыста қиналмас үшін қандай дайындық шаралары жүргізілуде? Кәсібінің шырайын енгізген адал малының амандығын тілеген шаруалар қазірден азығына мығым кіріскен.
«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, төрт түліктің бабын тауып, қақаған қыстан аман өткізу үшін осы бастан жем-шөпті жетерліктей дайындау керек екені бәрімізге белгілі. Осы ретте Темірландағы Жастар сарайында жиын өтті. Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Сейітқұл Қыдырбай ашып, жүргізді.
“Ауданымыз негізінен аграрлық салаға бейімделген. Жалпы — 218 058 га ауыл шаруашылығы жері болса, оның:
Егістік жерлері — 85 619 га;
(тәлім жер — 52 077 га, суармалы жер — 33 542 га);
Жайылымдық жер — 112 784 га.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 65 780 гектарға орналастыру жоспарланып, бүгінгі күнге нақты 65 904 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, жоспар 100,2 пайызға орындалды.
Оның ішінде мал азығы дақылдарының үлесі 71 пайыз яғни 46 705,7 гектарды құрайды. Атап айтар болсақ, егілген дақылдар; бидай – 18 592 га, жаздық арпа – 1 379 га, дәндік жүгері — 9 652,2 га, жоңышқа — 17 082 га (жаңа жоңышқа — 8 489 га, ескі жоңышқа — 8 593 га) орналастырылды.
Бүгінгі таңда, барлық нақты дайындалған сояулы шөп 272 776 тоннаны құраса, бидай — 13 727, арпа 812 тн өнім жиналуда. Дәнді жүгеріден күз айында 80 113 тн өнім алынады деп жоспарлануда”, — деді Қ.Сейітқұл.
Оған тиісті сала басшылары мен мамандары, сауда нарығындағы жем-шөп сатушы кәсіпкерлер, мал шөбін дайындаушылар қатысты. Бас қосуда биылғы мал азығында қиындықтар туындап тұрғаны сөз болды. Осыған орай жем-шөп сатушыларға бағаны аудан тұрғындарына қалта көтерер бағада сатуда түсіндірме жұмыстар жүргізу қажеттілігі айтылды. Қыстың қақ ортасында малға жем-шөп табу қиындық туғызады. Осы олқылықты болдырмас үшін дәл қазір сауда нарығындағы жем сатушы кәсіпкермен түсіністік танытуға шақырды.
Мұны ақсақалдары мен тұрғындар бір ауыздан мақұлдап, алдағы жұмыс кестесін құрды. Сонымен қатар, ағын су, Түркістан облысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ордабасы аудандық филиалы арқылы беріліп жатқан кредиттер мен грант жобалары туралы да әңгіме қозғалды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Hi! I just would like to offer you a huge thumbs up for your excellent info you have got here on this post.
I will be returning to your web site for more soon.
768713 167741dude this just inspired a post of my own, thanks 427100
62770 595339This design is incredible! You most certainly know how to keep a reader amused. Between your wit and your videos, I was almost moved to start my own blog (well, almost…HaHa!) Fantastic job. I really loved what you had to say, and more than that, how you presented it. Too cool! 56242
638341 66435Hello there, just became alert to your blog by means of Google, and located that it is truly informative. Im gonna watch out for brussels. I will appreciate in the event you continue this in future. A great deal of people is going to be benefited from your writing. Cheers! xrumer 744447
347649 566209Thank you for your great post! It has long been really insightful. I hope that you will continue sharing your wisdom with us. 977120