
Түркістан облысы, Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы тұрақты. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Биыл Ордабасы ауданы, Қажымұхан ауыл округіне қарасты Көктөбе елді мекеніндегі «Жанұзақ Ата» шаруа қожалығы картоптан мол өнім алмақшы.
10 гектар аумаққа картоптың ресейлік «Коломбо» сортын еккен шаруа қожалық басшысы Бағдат Жолдасбеков өнім көлемін 250 тоннадан асыруды көздеп отыр.
«Жалпы өзіме тиесілі 25 гектар суармалы жердің 10 гектарына шетелдік тұқым салғанбыз. 15-20 күнде өнім жинау жұмыстары басталса, әр гектарынан 250-400 центнер өнім аламыз деген ойдамыз», дейді шаруа қожалық басшысы.
Алдағы уақытта дайын өнім сұрыпталып, Шымкенттің базарларына саудаланбақ. Кәсіпкердің айтуынша, бір келісінің бағасы 160-180 теңге аралығында болмақ.
Қазіргі таңда аталған шаруа қожалығы 15 азаматты маусымдық жұмыспен қамтып, орташа есеппен 100 мың теңге көлемінде айлық жалақы беріп отыр.
ANYQ.KZ-ақпарат
349051 878241Some truly howling work on behalf of the owner of this site , dead great subject matter. 854046
663841 207028Register a domain, search for available domains, renew and transfer domains, and choose from a wide variety of domain extensions. 371745