Ордабасы ауданы: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай спорт түрлерінен ашық спартакиада өтті

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Темірлан ауылындағы Жастар сарайында аудандық Ішкі саясат бөлімі және Жастар ресурстық орталығы мен Зағиптар қоғамымен бірлесе отырып, “Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы”, “Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 150 жыл» толуына орай I,II топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен спортшылар арасында ашық спартакиада өтті.

Сонымен қатар, арқан тарту, қол күрес, кір тасын көтеру, дойбы және шахмат спорт түрлерінен мықтылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, Қажымұқан атамыздың картинасы және мүсінімен марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша Бәйдібек ауданы III- орынға табан тіресе, Арыс қаласының командасы II- орынды иеленді. Ал, жүлделі I-орынды Ордабасы командалары қанжығасына байлады.

Айта кетсек, Ордабасы ауданының спортшылары бұдан басқа да аудандық спартакиалардан жеңісті жүлдемен оралуды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. I’m really inspired together with your writing abilities as neatly
    as with the structure on your weblog. Is this a paid subject matter or did you customize it your self?
    Either way stay up the excellent quality writing, it’s
    rare to see a nice weblog like this one today. Instagram Auto follow!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.