Ордабасы ауданы бойынша 200 адамға қайтарымсыз грант берілді

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.


2021 жылы мемлекеттік грантты 200 азаматқа беру жоспарланған. Бүгінгі таңда жоспар толығымен орындалып, 200 азамат қайтарымсыз грант алды (жоспар 100% орындалды). Оның ішінде, 49 жастар, 4 мүгедектігі бар азаматтар, 68 адам аз қамтылған қатарынан, 46 адам көпбалалы отбасылар, 33 басқа санаттағы азаматтар.

Грант алған 200 азамат кәсіпкер ретінде тіркелді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер мемлекеттік гранттар алуға үміткер бола алады. Ал, табысы аз немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер және жастар гранттар алуда басым құқыққа ие.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелері, сондай-ақ оралмандар мен қоныс аударушыларға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өту талап етілмейді. Мемлекеттік грант алушы грант алған күннен бастап он екі ай бойы бизнесті кеңейтуге бағытталған шараларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатыса алмайды.

Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грант алған күннен бастап салық органдарында өз қызметін тіркеу, төлемді төлеу арқылы оның нысаналы пайдаланылуын растайды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.