Ордабасы тауында Визит-орталықтың құрылысы басталды

Ордабасы ауданында туризмді дамыту мақсатында Визит-орталықтың құрылысы басталды.


Ол нысан — қазақ ұлтының қалыптасу кезеңінде үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауындағы «Ордабасы» Ұлттық тарихи-мәдени қорығы аумағында бой көтеруде. Орталықта қорық кеңсесі, музей, мәжіліс залдары, ғылыми зерттеу бөлмелері, кітапхана, асхана және жатақхана бөлмелері болмақ. Бір мезетте қорық аумағында 500 адамға қызмет көрсетіліп, 40 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, ауданда даңқты балуан, күш атасы — Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы ірі туристік кешен салынуда. Құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Бұдан өзге, ауданға қарасты Амангелді ауылындағы «Amangeldi» емдеу сауықтыру орталығы медициналық туризмнің дамуына тың серпін беруде. Шипажайдың термалдық суы түрлі тері ауруларына ем. Бүгінде шипажайға еліміздің барлық өңірінен ем іздеушілер көптеп келуде.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.