Биыл Ордабасы ауданында 1 тамызда 1895 отбасындағы 10505 адамға 511791,3 мың теңге атаулы көмек тағайындалып, 427740,0 мың теңге берілді.
2021 жылы кепілдендірілген әлеуметтік пакетке (тағамы мен гигиеналық құралдары) 1-6 жастағы 4008 балаға 301 154 266 мың теңге (рб – 281 154 мың теңге, жб – 20000,0 мың теңге) қаралған.
Бүгінгі таңда 1895 отбасының 1-6 жасқа дейінгі 2942 баласына 87723,3 мың теңгенің кепілдендірілген топтамасы төленді.
«Халықаралық қайырымдылық қоры» ТҚ демеушілігімен осы жылдың бірінші тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек алған мүгедек баланы күтумен айналысатын 48 отбасыға қайырымдылық көмек есебінен 50000 теңгенің азық-түлік қорапшасы таратылды.
«Астана күні» мерекесі қарсаңында «Халықаралық қайырымдылық қоры» ТҚ демеушілігімен маусым айында атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен мүгедек баланы күтумен айналысатын 31 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетіліп, 50000 теңгенің азық-түлік қорапшасы берілді.
Ал, шілде айында атаулы әлеуметтік көмек алған 1513 отбасыға мемлекет тарапынан медициналық қорапша (аптечка) ішінде ( цифрлық термометр 1 дана, медициналық маска 3 қабатты 100 дана, антисептик 2 дана, ибупрофен таблетка 400 мг 20 дана, парацетамол таблетка 500 мг 20 дана ) берілді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат