Шымкент: Мемлекеттік бағдарлама аясында 69 отбасы солтүстікке қоныс аударған

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылардың көшуіне берілетін субсидия мөлшері 35 АЕК-тен 70 АЕК-ке артады.


Бұл туралы Еңбек және халықтың әлеуметтік министрлігі ҚазАқпаратқа берген жауабында айтылған.

«Жыл сайын инфляция деңгейіне байланысты айлық есептік көрсеткіш мөлшері көбейіп отырады. АЕК мөлшері өзгерген сайын субсидиялар мөлшері де өзгереді. Мәселен, бағдарламаның алғышқы жылында 2017 жылы тұрғын үй жалдау үшін ең минималды төлем сомасы 34 мың теңгені құраса, 2021 жылы 43,7 мың теңгеге дейін көбейген», — деп жазылған министрліктің жауабында.

Ведомство өкілдері Президент тапсырмасы бойынша қоныс аударушыларға көшуге берілетін субсидия мөлшерін 35 АЕК-тен 70 АЕК-ке дейін көбейту үшін «Еңбек» бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын айтады.

«Аталған өзгеріс күшіне енген соң көшуге біржолғы субсидия мөлшері 102,1 мың теңгеден 204,2 мың теңгеге дейін көбейеді», — деп жазылған жауапта.

Айта кету керек, Шымкентте Оңтүстіктен солтүстікке көшу бағдарламасы халық арасында үздіксіз түсіндіріліп келеді. Мәселен, жуырда ғана Павлодар облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағы көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаева, Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданының Жұмыспен қамту орталығының директоры Зәуреш Мұсабаева және Қостанай облысының Денисов ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Кәкімжандар мегаполиске арнайы келді. Мемлекеттік көші-қон бағдарламасы аясында солтүстік облыстарға қоныс аударуға қызығушылық танытқан тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдерімен жүздесіп, баспасөз мәжілісін өткізді. Міне, мемлекеттік бағдарламаның Шымкент шаһарында өз дәрежесінде бұқараға түсіндірілуі нәтижесінде аталған бағдарлама аясында Шымкент қаласынан бүгінгі таңда 69 отбасы қоныс аударған.

«ANYQ.KZ» — ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

456 Comments

  1. Link pyramid, tier 1, tier 2, tier 3
    Primary — 500 links with integration within pieces on content platforms

    Middle — 3000 URL Forwarded references

    Tertiary — 20000 connections assortment, comments, articles

    Employing a link pyramid is beneficial for search engines.

    Require:

    One connection to the website.

    Search Terms.

    Correct when 1 search term from the website heading.

    Observe the extra service!

    Important! Primary references do not coincide with Secondary and 3rd-rank links

    A link hierarchy is a instrument for enhancing the liquidity and backlink portfolio of a internet domain or social media platform

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.