Сайрам: Аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал мен ұлтаралық жағдай жайы сөз болды

Сайрам ауданы әкімдігі мен прокуратурасы бірлескен аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал мен ұлтаралық жағдай, ұлтаралық қақтығыстарды алдын алу мәжілісі өтті.


Оған аудан әкімі Уласбек Садибеков, аудан прокуроры Д.Тлемисов аудандық ҰҚК бастығының орынбасары Данабеков Ержан аудандық полиция басқармасының бастығы Зиятаев Бауыржан дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері және ауыл билері, зиялы қауым қатысты.

Қадағалау аумақтағы түрлі сипаттағы проблемалық мәселелер – ертеңіне ұлтаралық сипаттағы проблемаларға айналуы мүмкін, оның ішінде өзге ұлт өкілдері арасында орын алған кез-келген қылмыс оқиғасы ұлтаралық қақтығыстардың басты себептері болып табылады. Уәкілетті органдар басшыларының қатысуымен ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында 2 мекемеаралық мәжіліс өткізілді, тиісті тапсырмалар мен нұсқаулар берілді. Алайда атқарылған жұмыстардың тиімділігі көрінбейді. Еңдігі біз бүгін жиналып отырған себебіміз бір ғана бұл Сіздер болып біздер болып Сайрам ауданында ел тыныштығын қолға алу, бұл бағыттағы жұмысты бірлесе отырып атқармасақ, онда қандай бір елдің тыныштығына қол жеткізу мүмкін емес. Жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында әр айда ауыл округі әкімдері жанындағы жұмысшы топтардың (жұмыс тобының барлық мүшелерінің қатысуымен) есептерін тыңдау. Ағымдағы жылдың тамыз айында Қарабұлақ, Манкент, Арыс, Қарасу ауыл округтерінің есептерін тыңдау ұсынылады, — деді аудан прокуроры Дәулет Бекбашұлы

Аудан басшысы қорытынды сөзінде, Мен жасырмаймын біздің кейде кейбір ауыл округ әкімдеріне ренжимін, Велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, айтқан мәселені істеп қоюға мән бермейді да өкінішке орай Әр адам өзі ойлануы керек менің үлесім қалай? Бізде бәрі формально «Құдай сақтасын » деген әдемі сөзіміз бар, сөйтемізде басқа тірлікпен айналысып кетеміз. Елдің тыныштығы ең бірінші орында болу керек. Алауыздықтың алдын алуға бет бұрып жұмыс жасайық. Бір тал ши бүкіл орманды өртейді осыны ұмытпаған абзал.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.