
Ақсукент ауылдық округінің әкімі Бөрібеков Әбдіманап Нұрсейітұлы Сайрам ауданы әкімдігінде БАҚ өкілдерімен кездесіп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді.
Ақсукент ауылдық округ аумағында 2021 жылдың 6 айында салық базасын мейлінше ұлғайту мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Ақсукент ауылдық округінің 2021 жылының 6 айына арналған бюджеті 379,1 пайызға немесе 91121,1 мың теңгеге артық орындалды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен бастау алған Қамқорлық бағдарламасы Ақсукент ауылдық округінде жүзеге асырылып келеді. Атап айтсақ, Ақсу ауылы, Ибн Сина көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 3256,0 шаршы метр жер телімінің құжаттары Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратына рәсімделіп, демеушілер тарапынан 4 отбасыға арналған «Қамқорлық үйінің» құрылысы жүргізілуде. Ондағы мақсат, үй-күйі жоқ, көмекке мұқтаж отбасыларын қамқорлыққа алып, жан-жақты қолдау. Тұрмыстарын түзеп, қалыпты жағдайға жеткенше бейімделуге көмек беру болып табылады, — деді баяндамасында Әбдіманап Нұрсейітұлы.
Ақсукент ауылдық округінде күл-қоқысты тазартумен айналысатын мекемелер «ҚараСу ВРМ» және ЖК «Бұлақ» жеке тұлғалармен және мекемелермен келісім-шарт құру негізінде кестеге сәйкес қоқыс тазартады. Қазіргі таңда 7 мыңнан аса абонентпен келісім-шарт түзілген.
Сондай-ақ ішкі шаруашылық көшелерінің бойындағы ретсіз күл-қоқысты күнделікті тазарту бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Нәтижесіне сәйкес мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы ретінде «Жигита» ЖШС көшелердегі арнайы орны белгіленбеген жерлердегі ретсіз қоқыстарды күнделікті тазартуда.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
966008 750702You are the most effective, Its posts like this that keep me coming back and checking this website regularly, thanks for the info! 780172
404586 728962This is often a great weblog, could you be interested in working on an interview about just how you developed it? If so e-mail myself! 601592