Созақ: Жартытөбе ауылында 21 адам мемлекеттік грант алып, кәсібін дөңгелетіп отыр

Жартытөбе ауылдық округінде 21 азамат жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 2020 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грант иегерлері атанып, қазіргі таңда кәсібін дөңгелетіп отыр.


Олардың ішінде 8 азамат тамшылатып суғару әдісі арқылы үй іргелік жерге бақша дақылдарын еккен.

Бүгін аудан әкімі Салыхан Полатов Жартытөбе ауыл округінде тамшылатып суғару әдісімен үй іргелік жерлеріне бақша дақылдарын егіп, жемісін көріп отырған көп балалы ана Баймұрзаева Дана мен Орынтаева Айзаданың үйінде болды. «Қызанақ, болгар бұрышы, қияр егіп, өнімін алып отырмыз. Өнімді өзіміз тұтынамыз, артылғанын көрші қолаң, ауылдастар сатып алады»,- дейді мемлекеттік грант иегері Дана Баймұрзаева.

«Күніне 50-60 келі қияр үземін, оны ауыл азаматтары өздері келіп үйден алып кетеді. Нарық бағасынан арзандау қылып сатамын. Тамшылатып суғару деген тамаша әдіс екен. Арам шөп шықпайды. Суға, электр энергиясына үнем. Келер жылы бақша дақылын егетін жер көлемін ұлғайтамын», — дейді ауыл тұрғыны Айзада Орынтаева.

Бақша дақылдарының жемісін жеп, пайдасын көріп отырған отбасыға ризашылығын білдірген аудан басшысы Салыхан Полатов; «Тамшылатып суғару әдісінің тиімділігін тұрғындарға насихаттау керек, көпшілік білсін, бақша дақылдарын егіп, өнімін алсын»,- деді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

5 Comments

  1. whoah this weblog is magnificent i like studying your posts.

    Keep up the good work! You understand, a lot of people are searching around for this info,
    you can aid them greatly.

  2. 408738 533088Oh my goodness! a wonderful post dude. Thanks Nevertheless My business is experiencing problem with ur rss . Dont know why Not able to sign up for it. Possibly there is any person obtaining identical rss difficulty? Anyone who knows kindly respond. Thnkx 845289

  3. 236110 183636Youre so cool! I dont suppose Ive read anything in this way before. So good to locate somebody by original thoughts on this topic. realy thanks for beginning this up. this fabulous site is 1 thing that is required on the internet, a person with a bit of originality. beneficial project for bringing a new challenge towards internet! 156329

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.