Түлкібас ауданына қарасты Шақпақ-баба елдімекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Түлкібас: Шақпақ-баба ауылының ауыз су жүйесі жаңарады.


Осыған байланысты 28 шақырымнан астам ауыз су құбыры толығымен жаңартылатын болды. Бүгінге дейін тіршілік көзін кестемен тұтынып келген 621 отбасыға енді тәулігіне 24 сағат су берілетін болады.

Бұл мәселе аудан әкімі Нұрлан Байғұттың Шақпақ ауылдық округі тұрғындарының алдында өткен жылы атқарылған жұмыстары туралы берген есебі кезінде көтерілген болатын. Нәтижесінде аудан басшысы аталған елдімекеннің ауыз су мәселесін жеделдетіп шешуді тиісті сала мамандарына тапсырған.

Аудан басшысы құрылыс нысанының басына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жауапты басшыларға және мердігер мекемеге жоспарды сапалы түрде орындалу керектігін ескертті. Құрылыс басына жиналған ауыл ақсақалдары халықтың айтқан өтінішіне құлақ асып, ел мүддесі үшін қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыстарын білдірді. Айта кетейік, бұл нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.