Түлкібас ауданындағы Азаттық ауылының ауыз су құбырын жаңарту жұмыстары қарқын алды

Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Азаттық ауылының 55 шақырым құрайтын ауыз су құбырын жаңарту жұмыстары қарқын алды.


Төрт мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенге су құбырын жүргізу жұмыстарының 7 шақырымы аяқталған.

Шақпақ-баба елді мекенінде де бір ай бұрын басталған құрылыс жұмыстары 40 пайызға аяқталған. Яғни, 28 шақырым су құбырының 12 шақырымнан астамы жаңартылған. Сондай-ақ, биыл Балықты ауылының көп жылдан бері шешімін таппай келген 3,5 шақырымды құрайтын көшелерінің ауыз су құбырлары толығымен жаңартылмақ.

Мүлдем су құбыры тартылмаған Рахымов, Алаң және Балықты көшелеріне де су құбыры тартылып, қосымша 2 бірдей су мұнарасы орнатылатын болады.

Түркістан облысында 843 елді мекен, 2 018 100 тұрғын бар. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бойынша нысандардың құрылысы тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы іске асырылуда.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.