Тұмса табиғаттың төрінде орын тепкен Жабағылы ауылындағы биылғы жылы ел игілігі жолындағы ілкімді істер атқарылып, ауыл тұрғындары ризашылыққа бөленуде.
95 жылдық тарихы бар, елімізде ең алғашқы ашылған қорық «Ақсу Жабағылы» қорығы орын тепкен ауыл қала кейіпіне сай арайланып, көркейіп келеді. Жыл сайын шет мемлекеттер мен еліміздің түкпір-түкпірінен ағылып келетін туристер қорықтың тамаша табиғатын тамашалап, ауылдың жаңа келбетіне тамсанып қайтатыны жасырын емес. Бүкіл елімізге мәлім Жабағылы ауылдық округінде бүгінде 3018 халық тұрады. Округ аумағында үш елдімекен орналасқан. Аудан әкімі Н.Байғұттың ұйытқы болуымен округте биылғы жылы бірқатар жұмыстар жүргізілмек. Атап айтар болсақ, ауыл әкімдігінің жаңа ғимараты бой көтеріп, ауылдың кіре беріс аймағына арка, ауыл атауы жазылған стелла орнатылып, үш көшенің жарықтандыру, бір көшеге асфальт салу тағы басқа жұмыстар атқарылуда. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, ауыл әкімі Е.Меңлібековтың мұрындық болуымен көктем мезгілінде көше бойларына сәнді ағаштар егіліп, орталық көше жасыл аймаққа бөленді. Сонымен қатар, ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігмен аз қамтамасыз етілген жандарға қол ұшын беру, абаттандыру жұмыстарына үлес қосып келеді. Ауданның бренді саналатын Жабағылы ауылы алдағы уақытта көрікті, туризм аймағына айналмақ.
«ANYQ.KZ» — ақпарат