
Түркістан қаласындағы жаңа «Эко-Базар» әмбебап сауда орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Түркістан облысы мен Түркістан қаласы әкімдіктерінің ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Онда Ордабасы, Отырар, Сайрам, Шардара, Келес, Бәйдібек, Сауран, Жетісай, Төлеби, Қазығұрт, Түлкібас, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары мен Кентау және Арыс қалаларының 30-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 20 тоннаға жуық өз өнімдерін ұсынды. Қала тұрғындары мен қонақтары отандық өнімді базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағамен сатып алды.
Мәселен, қымыздың литрі — 704 теңгеден, баялдыр — 90 теңге, сәбіз — 225 теңге, картоп — 180 теңге, қауынның келесі — 100 теңге, әңкелек — 250 теңге (данасы), қарбыз — 300-450 теңге (данасы) аскөк — 135 теңге, қияр — 180 теңге, алма — 360 теңге, қой еті — 2047 теңге, жылқы еті — 2160 теңге, болгар бұрышы — 180 теңге, сиыр еті — 1955 теңге, қызылша — 189 теңге, қызанақ — 162 теңге, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан — 80 теңгеден саудаланды.
Алдағы уақытта облыс орталығында әр сенбі күні жәрмеңке өткізіледі деп жоспарлануда.Қала тұрғындарына «Эко-Базар» әмбебап сауда базарына №1, 14, 15, 18 және 30 қоғамдық көліктері қатынайды.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
672483 681483The subsequent time I read a weblog, I hope that it doesnt disappoint me as a great deal as this one. I mean, I know it was my option to read, but I truly thought youd have something attention-grabbing to say. All I hear can be a bunch of whining about something which you possibly can repair really should you werent too busy on the lookout for attention. 145615
51075 88767Good web site, good and easy on the eyes and fantastic content material too. Do you require many drafts to make a post? 3516