
Түркістан қаласында «Түркістан — Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жастар көшбасшылары мен белсенділерінің халықаралық саммиті басталды.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Саммитке Түркістан облысы мен Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан елдерінің белсенді жастары түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда кездесті. 200-ге жуық адамның басын қосқан ауқымды шара үш күнге жоспарланған.
Халықаралық саммиттің алғашқы күнінде қатысушылар мен қонақтар Түркістан өңірінің киелі жерлерін аралады. Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Түркістан қаласындағы Сапар орталығына барды.
«Түркістан — Түркі әлемінің бесігі» атты түркі елдерінің жастар көшбасшылары мен белсенділерінің Халықаралық саммиті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтуде. Шараның негізгі мақсаты — түркі елдері жастарын ортақ тарих, мәдениет, дәстүрлер мен құндылықтар, сондай-ақ болашақта түркі әлемінің даму жолын ортақ пайымдау негізінде топтастыру.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
967402 99751Aw, it was a actually great post. In concept I must put in writing related to this moreover — spending time and actual effort to manufacture a outstanding article but exactly what do I say I procrastinate alot and no indicates discover a way to go carried out. 382062
873078 828846This is a amazing web page, could you be interested in doing an interview about just how you developed it? If so e-mail me! 529536
963219 146773I just added this blog to my rss reader, superb stuff. I like your writing style. 313337