Түркістан облысы, Арыс қаласында «Nur Otan» партиясы атынан сайланған қалалық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Ахметов Қайрат Төрегелдіұлы Арыс халқына көмек көрсетуде.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ол бұған дейін «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акциясы аясында қайырымдылық шараларға ұдайы үлес қосып келеді. Қайырымды азамат игі істі жалғастырды. Дәлірек айтсақ, Қ.Ахметов өз есебінен 40 дана оттегі баллонын сатып алып, Арыстағы орталық ауруханаға табыстады.
«Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Ділдәбеков, Арыс аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері А.Наркабулов және қалалық мәслихат депутаты, орталық аурухананың хирург дәрігері Н.Мауленов осындай қиын кезеңде қамқорлық танытып, ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан Қ.Ахметовке алғыстарын білдірді.
Халық қалаулысы оттегі тапшылығын болдырмау және оның алдын алу мақсатында тағы 20 дана кислород баллонына тапсырыс беріп, науқас жандарға қолдау көрсетпек ниетте екендігін жеткізді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат