
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында облыстың әр аймағындағы елді мекендердің жолдары жөнделіп, көшелері жаңартылуда.
Биыл Сарыағаш ауданы бойынша «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен Ақжар ауылдық округіне қарасты 8 көше және Дарбаза ауылдық округіне қарасты 4 көшеге орташа жөндеу (асфальт төсеу) жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жөнделетін жолдардың ұзындығы – 20 шақырымға жуық.
Қазіргі таңда Дарбаза ауылдық округіне қарасты төрт көшеге толықтай асфальт төсеу жұмыстары аяқталған. Ақжар ауылдық округіне қарасты екі көшеге Ынтымақ пен О.Еспенбетов көшелеріне асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары аяқталды. Ал, қалған алты көшеге шағал төсеу жұмыстары жүргізіліп, тамыз айының соңына дейін асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл көшелердегі жол құрылысы аяқталған бетте пайдалануға берілетін болады.
«Ауыл – ел бесігі» ауқымды жобасы аясында ел дамуының алтын бесігі болған ауылдар қарқынды дамып келеді. Бұл жоба алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктерге бастайтыны сөзсіз.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
240485 522500Sweet internet site, super pattern , real clean and utilize genial . 286212
591565 72463Exceptional post nevertheless , I was wanting to know in case you could write a litte more on this subject? Id be really thankful in case you could elaborate a little bit far more. Thanks! 363656