Түркістан облысында балаларға қатысты зорлық-зомбылық тиылмай отыр.
Соңғы үш жылда отбасында балаға қатыгездік көрсету бойынша 150 оқиға тіркелген. Осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында «Ел ертеңі – жас ұрпақ» бағдарламасы қолға алынуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Жамалбек Шәріпбек Жамалбекұлы мәлімдеді.
«Балалардың қауіпсіздігіне арналған мұндай бағдарлама бұрын-соңды болмаған. Бағдарламаның мақсаты әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру арқылы балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. «Ел ертеңі – жас ұрпақ» жобасы «Береке» және «Түркістан облысы ата-аналар қауымдастығы» қоғамдық бірлестіктері, «Онлайн отбасы академиясымен» серіктестікте Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл бастама жүзеге асса айтарлықтай нәтиже береді деген сенімдеміз», – деді Ш.Жамалбекұлы.
Өз кезегінде «Түркістан облысының ата-аналар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жоба серіктесі Ақбаян Жакипова «Ел ертеңі – жас ұрпақ» бағдарламасы жөнінде баяндады.
«Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кері әсері өмір бойы сақталуы мүмкін, олар денсаулығына, мінез-құлқына және одан кейінгі зорлық-зомбылыққа себеп болады. Сондықтан кешенді бағдарлама мектептердің педагогикалық ұжымдарының, оқушыларының, ата-аналар комитеттерінің әлеуетін арттыру арқылы отбасындағы және мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын-алу және болдырмауға ықпал жасауға бағытталып отыр», – деді А.Төлбасықызы.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
discountshoesmart af396
Replica Sneakers for women,Replica Sneakers Dirty White ad674
Replica Sneakers for women jo318
Reps Shoes,Replica Sneakers oz363