
Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалы, туристік-спорттық лагерінде «Түркістан облысы балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамытудағы тәжірибе мен жаңашылдық» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық «Жас туристер станциясы» ұйымдастырған басқосуға аудан, қалалардағы жас туристер станцияларының басшылары мен мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты — өңірімізде балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту, экология бағытында жұмыстарды жандандыруда аудандармен бірлесіп жұмыс атқару. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезіндегі көрсетілетін іс-тәжірибемен алмасу, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
«Біздің мамандарымызды Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері меморандум негізінде тәжірибеден өткізді. Нәтижесінде, мұғалімдеріміздің қадағалауымен лагерь аумағында үздік деп танылған «Жас құтқарушылар» тобының оқушылары шеберлік сыныбын ұйымдастырды»,-деді облыстық «Жас туристер станциясы» КММ директоры Сәуле Өмірсерікқызы.
Семинарда «Жер — біздің ортақ үйіміз» тақырыбы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлзия Қарсыбай жемқорлықтың алдын алу бойынша баяндама жасады.
Бекітілген іс-шара жоспарына сай семинарға қатысушылар Біркөлік шатқалына жорыққа шықты. Таудағы саяхатта қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, сақтық шараларының алғышарттары көрсетілді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
418244 946208I saw lots of internet site but I think this one contains something particular in it in it 310158
980377 679934I gotta favorite this web site it seems handy really valuable 873190
546920 572643Thank you for the sensible critique. Me and my neighbor were just preparing to do some research on this. We got a grab a book from our location library but I feel I learned more clear from this post. Im quite glad to see such outstanding information being shared freely out there. 985492