Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында 100 мың кітап қоры бар кітапхананың құрылысы басталып кетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бәйдібек ауданы, Шаян ауылынан 100 мың кітап қорына арналған аудандық орталық кітапхананың құрылысы басталды. Екі қабатты кітапхана ғимаратының құрылысын «Құрылыс Энерго KZ» ЖШС-гі жүргізіп жатыр. Республикалық бюджеттен қаржысы бөлініп қойылған, құрылыс жұмыстары басталған аудандық орталық кітапхананың ғимараты ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін аяқталып пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Айта кету керек, бүгінде аудандық мәдениет үйінің ғимаратында отырған орталық кітапхана 2022 жылдан бастап жаңа ғимаратта жұмыстарын бастамақ. Жаңа білім ошағының құрылыс барысы аудан басшылығының жіті бақылауында.
Жалпы, бүгінде Бәйдібек ауданында 25 кітапхана жұмыс істейді. Оның 23-і ауылдық, 1-еуі аудандық орталық кітапхана, 1-еуі балалар кітапханасы бар. Ондағы кітап қоры — 221 849.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
My recent collaboration with a biomedical engineering group has brought me to
the vital role of stainless steel within the field of medicine.
For surgical equipment to implants, the biocompatibility of specific stainless steel grades
is literally helping save lives. The ongoing research on new alloys
with improved properties for medical use is a subject I’m keen to investigate further on my blog.
This post is in fact a fastidious one it helps new internet visitors, who are wishing in favor of blogging.