Түркістан: Жетісайлық тракторшы қыз күніне 10 гектар жер жыртады

Түркістан облысы, Жетісай ауданында тұратын тракторшы қыз күніне 10 гектар жер жыртады.


Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жетісай ауданы Қызылқұм елді мекенінің тұрғыны Арай Асылбекқызы жастайынан трактор жүргізеді. Ол 11 жасынан бастап ауыр техниканы тізгіндеп үйренген. Бүгінде трактордың көмегімен ауылдастарының егістік жерлерін жыртып, табыс та тауып жүр.

«Мен кішкентай күнімнен жеңіл көлікке қарағанда, осы техникаға деген қызығушылығым арта түсті. Осындай ерекшелігімді байқаған әкем мен ағаларым бетімнен қақпай, керісінше трактордың қыр-сырларын үйретті. Сол үшін оларға шексіз алғысымды айтамын. Міне, соның арқасында күніне 10 гектарға дейін егістік жерді жыртып, диқандарға көмегім тиіп келеді. Күнделікті ісім осы болған соң, трактордың аз-кем техникалық ақаулықтарын жөндеуді де үйреніп алдым», – дейді А.Асылбекқызы.

Қазіргі таңда, Түркістан қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 1 курс студентін ауыл арасында «тракторшы қыз» деп те атайды екен. Оның білім алып жүрген негізгі мамандығы тіс дәрігері. 

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.