Жетісай ауданында биыл экономиканың өсуіне оң ықпал жасайтын бірнеше жоба қолға алынбақ.
«Adal Agro Group» ЖШС-і жалпы құны 2,8 млрд теңгеге жылына 9 мың тонна өнім өндіретін «Сиыр етін өңдеу цехының» құрылысын бастайды.
Тәулігіне 30 тонна ет өндіретін аталған серіктестіктің «Құс фабрикасының» құрылысы жүреді.
Жалпы құны 7,6 млрд теңгелік «Жүгеріден крахмал-сірне өнімін және лимон қышқылының өндірісі» жобасын іске қосу жұмыстары жүреді.
Жетісай ауданында қаңтар-сәуір айларында:
Өңірлік өнім көлемі 11 млрд 421,5 млн теңге.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 млрд 882,1 млн теңге.
Инвестиция көлемі 1 млрд 177,2 млн теңге.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім көлемі 3,6 млрд тенге.
5 млрд 756,3 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген.
Инфрақұрылым бойынша:
113 елді мекенің 103-і орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылған.
113 елді мекеннің 54-і газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының — 47,7%.
445 млн теңгеге жалпы ұзындығы 25,7 шақырымды құрайтын 32 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл туралы Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді.
ANYQ.KZ-ақпарат