Түркістан: Жетісай ауданы басшысы эпидахуалға байланысты онлайн жеке қабылдау өткізді

Түркістан облысы, Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы эпидахуалға байланысты карантиндік шектеулерді сақтай отырып жеке қабылдау өткізді.


Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек өңірдегі эпидахуалға байланысты карантиндік шектеулерді сақтай отырып онлайн жеке қабылдау өткізді. Аудан басшысының қабылдауына аудан бойынша тоғыз тұрғын, өз мәселелерін айтты. «Zoom» ақпараттық жүйесі арқылы байланысқа шығып, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Жеке қабылдауға қатысқандадың дені ауыз су мәселесін мәселесін алға тартқан болса, бірқатар тұрғындар жер, үй, әлеуметтік және т.б. мәселесімен жүгінді.

Айта кету керек, қабылдау барысында аудан әкімі Мұрат Болатұлы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап шығып, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берген болса, бірқатар жұмыс сұраушылардың мәселесін шешу үшін тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған аудан тұрғындарына мүмкіндігінше көмек жасалатынын жеткізді.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.