Түркістан: Келесте жайылым жер мәселесі, ағын су және әлеуметтік мәселелер жайы талқыланған жиын өтті

Ауыл билерімен еркін форматта кездесу өтті.


Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев және аудан прокуроры Бақыт Сейфолла Ұшқын және Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу еркін форматта сұрақ-жауап ретінде өтіп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

Алдымен Ұшқын ауылдық округіндегі ауыл билерінің басын қосқан келелі кездесу өтті. Кездесуде ауыл ақсақалдары тарапынан өзекті мәселелер, атап айтқанда жайылым жер, ағын су, ауыз су және инфрақұрылым талап ететін елді мекендердің жай-күйі айтылып, аудан басшысы мен аудан прокуроры қойылған сауалдарға нақты жауаптарын беріп, жоспарларымен бөлісті.

Еркін форматтағы жиын Қошқарата ауылдық округіндегі мәдениет үйінде жалғасып, ауыл тұрғындары көкейіндегі сауалдарын жолдады. Кездесуде елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары кеңінен талқыланып, туындайтын мәселелерге анализ жасап, алдын алу шараларын қабылдау бойынша ауыл әкімі Қонай Бекмұратовқа нақты тапсырмалар жүктелді. Сөз соңында аудан әкімі газ құбырларын үйлерге жалғап жатқан мердігерлерге тұрмысы төмен деп танылған кем дегенде 10 отбасыға тегін кіргізуді міндеттеу бойынша жауапты бөлімге тапсырма берді.

Сонымен қатар жиында жайылым жер мәселесі, ағын су және әлеуметтік мәселелер жайы талқыланды.

Осы форматтағы жиындар алдағы уақытта аудандағы барлық ауылдық округінде жалғасын табатын болады. 

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.