
Түркістан облысы, Келес ауданындағы бірнеше белсенді кәсіпкер, оның ішінде Амангелді Тәжиев пен Нұрлан Базарбаевтар аудандық ауруханаға 28 оттегі баллондарын тегін жеткізді.
Медицина қызметкерлері өкпесі қабынған науқастардың көбіне жасанды тыныс алу құрылғылары қажет екенін, науқас саны көбейген сайын аталған оттегі концентраторына деген сұраныс та артып жатқанын айтуда. Құрылғылар аудандық ауруханада ашылған провизорлық орталыққа жеткізілген.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар. Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.
Сондай-ақ, Түркістан облысы вакциналау бойынша елімізде 2-орында тұр. Өңірге вакцинаның 690 мыңға жуық дозасы жеткізілген. І-компонентпен 660 мыңдай адам немесе 95%, ІІ-компонентпен – 444 545 адам немесе 77% егілген. Сондай-ақ, облыс аумағында инфекциялық төсек-орын санын 6 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік бар.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
321542 996065Im so pleased to read this. This is the type of manual that needs to be given and not the accidental misinformation thats at the other blogs. Appreciate your sharing this greatest doc. 417457
118613 705300Merely wanna input on few common items, The website design is perfect, the subject material is rattling superb : D. 536928